Қазақстан бойынша теледидар мен радио өшіріледі

Қазақстан бойынша теледидар мен радио өшіріледі , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2025 13:35 Сурет: pixabay
Мәдениет және ақпарат министрлігі 2025 жылдың 29 сәуірінде теле - және радио хабарларын таратудың тоқтатылатыны туралы ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, үздіксіз әрі сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында "Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

"Осыған байланысты, 2025 жылғы 30 сәуірде (сағ. 03:00-ден 17:00-ге дейін) телерадио хабарларын таратуды өшіріп, кезекті профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз",- делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, туындаған мәселелер бойынша жүгінуге болатын нөмірлер қоса беріледі: 193, +7 (727) 2 581 500, 8 8000 800 193.

Әлеуметтік желідегі жарнамаға сенген шығысқазақстандықтың алданып қалғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: