Абай облысында жүйелі түрде құқық бұзушылық жасаған 22 жастағы ер адам бас бостандығынан айырылды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2025 15:44 Фото: Zakon.kz
Бұған дейін ол Алматы қаласында ұялы телефон ұрлағаны үшін үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілген. Жазасын өтеу үшін ер адам тұрғылықты жері бойынша Жарма аудандық пробация қызметінің есебіне алынған.

Алайда профилактикалық және тәрбиелік жұмыстарға қарамастан, ол өзіне жүктелген міндеттерді бірнеше рет бұзған. Тексеру барысында оның бірнеше мәрте үйінде болмағаны, тіркеуге келмегені және пробация қызметін ескертпестен өзге қалаға барып, ойын-сауық орындарында уақыт өткізгені анықталған.

Сот заңбұзушылықтардың жиі қайталануын ескеріп, жазаны қатаңдату туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі бір жыл төрт ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Өз кінәмді мойындаймын. Маған жүктелген міндеттерді орындамай, немқұрайлы қарадым. Барлығы жақсы болады деп ойладым, бірақ өз қателігімнің салдарынан еркіндігімнен айырылдым, — деді сотталған.

"Пробация қызметі сотталғандарға заң талаптарын орындаудың маңызын үнемі түсіндіретінін атап өтті. — Әрбір сотталған адамға түзеліп, қоғамға қайта бейімделуге мүмкіндік беріледі. Өкінішке қарай, бұл мүмкіндікті бәрі бірдей бағалай бермейді", — деді Жарма аудандық №1 пробация қызметінің бастығы Рустам Абдулгазинов.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: