Жамбыл облысында оқушы түнгі аңшылық кезінде сыныптасын атып алды
Сурет: pexels
Жамбыл облысының Күшаман ауылында түнгі аңшылық кезінде жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, 2012 жылы туған екі оқушы түнде қоян аулауға шыққан. Алайда аңды тоқтатпақ болған біреуі байқамай сыныптасына оқ атқан.
Жамбыл облыстық ПД 17 қазан күні күдіктінің полиция бөліміне жеткізілгенін мәлімдеді.
"Қазір бұл факті бойынша абайсызда адам өліміне әкеп соққан оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Істі жан-жақты және объективті тергеу үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", — делінген ведомство хабарламасында.
Сонымен қатар полиция кәмелетке толмағандардың ата-аналарының балаларына тиісті бақылау жасамағаны және олардың атыс қаруына қол жеткізуіне жол бергені үшін жауапкершілігі қаралатынын атап өтті.
"Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге деректер тергеу мүддесіне орай жария етілмейді", — деді тәртіп сақшылары.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript