Алматыда сот шешімімен тағы бір дәмхана бұзылды

Алматыда сот шешімімен тағы бір дәмхана бұзылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2025 17:11 Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жандосов көшесі, 78А мекенжайында орналасқан жазғы террасасы бар кулинария нысаны сот шешімімен заңсыз деп танылды, деп хабарлайды Zakon.kz. Алматы қаласының Құрылыс бақылау басқармасына сілтеме жасап.

Бұған дейін жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижесінде "Biens Immobiliers" ЖШС нысанды рұқсат беру құжаттарынсыз салғаны анықталды.

Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

2025 жылдың 25 ақпанында нұсқама талаптарының орындалмауына байланысты нысанды бұзу туралы талап-арыз Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жолданды.


"2025 жылдың 29 мамырында сот басқарманың талап-арызын толық көлемде қанағаттандырды. Нысанды мәжбүрлі түрде бұзу шарасы сот орындаушыларының қатысуымен кеше жүзеге асырылды", - делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: