Алматыда сот шешімімен тағы бір құрылыс нысаны бұзылып жатыр

Алматыда сот шешімімен тағы бір құрылыс нысаны бұзылып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2025 17:16 Сурет: Алматының қала құрылысы бақылау басқармасы
Алматыдағы Гагарин даңғылы, 284 мекенжайындағы құрылыс нысаны заңсыз деп танылды, деп хабарлайды Zakon.kz Алматының қала құрылысы бақылау басқармасына сілтеме жасап.

Бұған дейін нысан иесіне (жеке тұлға) қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген. Сонымен қатар нысанның іргетасына металл құрылымдар орнату кезеңінде құрылыс жұмыстары тоқтатылған еді.

Нұсқама мерзімі аяқталғаннан кейін Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына нысанды бұзу туралы талап арыз берілді. 2024 жылғы 22 ақпанда сот бұл талапты қанағаттандырды.

Нысанды бұзу жұмыстары Әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен басталды.

Еске салайық, Алматыда 2023 жылдан бері 71 заңсыз нысан толықтай немесе жартылай бұзылған, оның ішінде "Мечта", KHAN тұрғын үй кешендері және тағы басқалары бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: