Алматыда 19 қазанда Медеуге дейінгі көлік қозғалысы шектеледі: себебі белгілі болды

Алматыда 19 қазанда Медеуге дейінгі көлік қозғалысы шектеледі: себебі белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2025 17:53 Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 19 қазан, жексенбі күні Алматыда Giro d’Almaty 2025 веложарысының өтуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат 17 қазанда Almaty_Joly Telegram-арнасында жарияланды:

"19 қазанда Алматыда әуесқойлар мен велоспорт ардагерлері арасындағы дәстүрлі Giro d’Almaty шосселік веложарысы өтеді. Бұл – Қазақстандағы әуесқой велоспорт күнтізбесіндегі ең беделді жарыстардың бірі. Осыған байланысты жарыс өтетін күні сағат 08:00-ден 09:30-ға дейін Керей – Жәнібек хандар көшесінің батыс бөлігімен, Royal Tulip Almaty қонақүйінен (Керей – Жәнібек хандар көшесі, 401/2) бастап "Медеу" жоғары таулы спорт кешеніне дейінгі аралықта автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі".

Қозғалыс шектеуі жарысқа қатысушылар тобының қозғалысына қарай кезең-кезеңімен (динамикалық түрде) енгізіледі.

Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан түсіністік танытып, бағыттарын алдын ала жоспарлауды ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: