Атыраулық әйел ас үй пышағымен учаскелік полицейді пышақтады

Атыраулық әйел ас үй пышағымен учаскелік полицейді пышақтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2025 19:35 Сурет: pixabay
Атырауда әйел күйеуіне араша түспек болған учаскелік инспекторды пышақтап жаралады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ақ Жайық" басылымының мәліметінше, 16 қазан күні кешке екі учаскелік полицей "көрші пәтерден шыққан айқай, қатты музыка және боқтық сөздер туралы шағым" бойынша шақыртуға барған.

Сол кезде бір полицей жанжалдасқан ерлі-зайыптыны сабырға шақырмақ болғанда, әйел ас үй пышағын алып, оның арқасына сұғып алған.

"Жарақат алған полиция қызметкеріне медициналық көмек көрсетілді, өміріне қауіп жоқ. 37 жастағы күдікті ұсталды", - делінген хабарламада.

Оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы 6-бөлімі 1-тармағы — "Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: