Ақмола облысында мас күйде көлік тізгіндеген әйел адам ұсталды
Сурет: pixabay
Заводской ауылында мас күйде көлік жүргізген әйел адам ұсталды. Ол алкогольдің иісі қасындағы күйеуінен шығып тұрғанын айтып, жауапкершіліктен жалтарудан тырысқан, алайда медициналық тексеру нәтижесі әйел адамның жеңіл дәрежеде масаң күйде болғанын растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, түнгі сағат 03:00 шамасында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында патрульдік полиция қызметкерлері Заводской ауылында Жібек жолы көшесінде Lexus RX 300 маркалы автокөлікті тоқтатты. Көлікті 42 жастағы әйел басқарған, оның жанында жұбайы отырған. Құжаттарды тексеру кезінде полицейлер алкогольдің өткір иісін сезіп, әйелден ішімдік ішкен-ішпегенін сұраған. Жүргізуші иістің күйеуінен шығып тұрғанын айиқан.
"Алайда полиция қызметкерлері әйелдің де мас болуы мүмкін деген күдік келтіріп, одан көліктен шығуды сұрайды. Полицейлер далада мас болу белгілерінің бар екеніне көз жеткізеді. Әйелге медициналық тексеруден өту ұсынылды, оның нәтижелері бойынша оның жеңіл мас күйде екендігі анықталды. Әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды (Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды масаң күйдегі адамға беру)", делінген полиция хабарламасында.
Полицейлер мас күйінде көлік құралын басқару ауыр құқық бұзушылық екенін және жүргізушіге ғана емес, айналасындағыларға да қауіп төндіретінін еске салады.
Бұған дейін Қарағанды облысында полицейлер мас күйде мопед жүргізген азаматты ұстағаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript