Қарағанды облысында полицейлер мас күйде мопед жүргізген азаматты құрықтады

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2025 11:30 Фото: Zakon.kz
Қарағанды облысында "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері республикалық маңызы бар автожолда мас күйде мопед жүргізген азаматты анықтады.

Тәртіп сақшылары 44 жастағы жүргізушіні Қарағанды – Жезқазған бағытындағы тасжолда тоқтатқан. Тексеру кезінде ер адамнан ішімдіктің иісі сезілген. Медициналық сараптама оның мас күйде болғанын растады. Сонымен қатар оның мопед басқаруға құқығы жоқ екені белгілі болды.

Аталған факті бойынша әкімшілік материалдар жинақталып, сотқа жолданды. Патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұхановтың айтуынша, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында мопед пен мотоцикл жүргізушілеріне тұрақты түрде түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

"Биыл облыс аумағында мотокөлікпен ереже бұзған 10 жүргізуші ұсталды, соның бесеуін біздің батальон қызметкерлері республикалық маңызы бар жолдарда анықтады. Сондықтан барлық жүргізушіні заңды сақтау мен өз қауіпсіздігіне бейжай қарамауға, мас күйде көлік тізгініне отырмауға шақырамыз", – деді Медет Нұрмұханов.

Полицейлер жолда қырағылық танытып, ішімдік ішкен күйде көлік басқармау қажеттігін ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: