Павлодар облысында полицейлер 13 мас жүргізушіні құрықтады

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2025 11:39 Фото: Zakon.kz
Павлодар облысы аумағында республикалық "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Полицейлер қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алып, олардың жолын кесуде.

Іс-шараның екі күнінде облыс аумағында 26 қылмыс ашылды. Екі күдікті және ұрлық жасағаны үшін есепте тұрған 24 адам ұсталды.

Бұдан бөлек, 922 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Олардың қатарында – ұсақ бұзақылық, тыныштықты бұзу, қоғамдық орындарда алкоголь ішімдіктерін ішу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүруі сияқты құқық бұзушылықтар бар.

Жол қозғалысы кезінде жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін 73 жүргізуші, қарсы жолаққа шыққаны үшін 9 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Ал көлікті мас күйде басқарған 13 жүргізушіге полицейлер тиісті шаралар қолданды. 312 адам уақытша бейімдеу және айықтыру орталықтарына жеткізілді.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырады. Тәртіп бұзған жағдайда құқық бұзушылар заң аясында жауапқа тартылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: