Ақмола облысында полицейлер мас жүргізушіні ұстады

Такси, таксист, таксисты, водитель, водители, водитель такси, водители такси, таксопарк, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2025 09:03 Фото: pexels
"Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында патрульдік полицейлер Заводской ауылында Lexus RX 300 көлігін тоқтатты.

Көлікті 42 жастағы әйел басқарған, оның жанында мас күйдегі жұбайы отырды. Құжаттарды тексеру кезінде полицейлер алкогольдің өткір иісін сезді.

Полицейлер жүргізушіге медициналық тексеруден өту ұсынды. Сараптама қорытындысында бойынша оның жеңіл мас күйінде екендігі анықталды.

Жүргізушінің айтуынша, ол жолға шықпас бұрын екі стақан сыра ішіп, рөлге отырған себебі жүргізушінің жұбайы қатты мас болған.

Жүргізушіге қатысты тиісті шара қолданылып, жауапқа тартылды.

Полицейлер мас күйінде көлік құралын басқару ауыр құқық бұзушылық екенін және жүргізушіге ғана емес, айналасындағыларға да қауіп төндіретінін еске салады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: