Астанада кәсіпкер 40-тан астам шетелдікке заңсыз аула сыпыртқан

Астанада кәсіпкер 40-тан астам шетелдікке заңсыз аула сыпыртқан, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2025 19:40 Сурет: pixabay
Астанада көші-қон заңнамасын бұзу және шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту фактілерін анықтауға бағытталған "Заңсыз келуші" жедел-алдын алу іс-шарасы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері мигранттар жұмыс істейтін нысандарда кешенді рейдтер мен тексерістер жүргізіп жатыр.

Тексеріс нәтижесінде бірқатар заңбұзушылықтар әшкереленді. Атап айтқанда, бір жұмыс беруші еңбек қызметіне заңды құқығы жоқ 40-тан астам шетелдік азаматты аула сыпырушы ретінде жұмысқа тартқаны анықталды.

Сондай-ақ қоқыс өңдеу зауыттарының бірінде шамамен 30 мигрантты заңсыз еңбекке қабылдаған кәсіпорынның қызметі тексерілді. Бұдан бөлек, жеке басын куәландыратын және елде болуға құқығын растайтын құжаттары жоқ адамдардың жөндеу жұмыстарын атқарғаны белгілі болды.

Барлық жұмыс берушілер мен заңсыз еңбек еткен шетелдік азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция көші-қон заңнамасын бұзғаны және шетелдік азаматтарды заңсыз жұмысқа тартқаны үшін айыппұл мен өзге де шаралар қарастырылғанын, соның ішінде елден шығару да көзделгенін еске салды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: