Полиция 11 млн теңгеден астам сомаға мал ұрлығын әшкереледі

Лошадь, лошади, кони, конь, коневодство, пастбище, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2025 12:45 Фото: primeminister.kz
Ішкі істер министрлігі мал ұрлығына қатысты қылмыстарды анықтау және олардың жолын кесу бойынша жұмыстарды жалғастырып келеді.

14 қазанда Батыс Қазақстан облысының криминалдық полиция қызметкерлері еркін жайылымнан мал ұрлаған қылмыстық топты ұстады. Тергеу барысында олардың бірі шаруа қожалығының басшысы болып, ауыл шаруашылығы жануарларын өсірумен айналысқаны белгілі болды.

Күдіктілер ұрланған малды далада орналасқан арнайы қораға айдап апарып, жылқыларды жүк көліктеріне тиеп еліміздің оңтүстік өңірлеріне жөнелтіп отырған. Ал ірі қара малды өз шаруашылықтарына қосып алған.

Полиция қазіргі таңда топ мүшелерінің жалпы құны 11 миллион теңгеден асатын 49 бас мал ұрлығына қатысы бар екенін дәлелдеді. Барлық күдіктілер қамауға алынды.

ІІМ өкілдері атап өткендей, заңнамаға сәйкес мал ұрлығы үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза қарастырылған. Сонымен қатар, азаматтарға малдарын таңбалап, қараусыз қалдырмау ұсынылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: