ІІМ: Полиция 11 млн теңгеден астам сомаға мал ұрлықтарын ашты

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2025 12:21 Фото: Zakon.kz
86 Ішкі істер министрлігі мал ұрлығына қатысты қылмыстарды анықтау және олардың жолын кесу бойынша жұмыстарды жалғастыруда

14 қазанда Батыс Қазақстан облысының криминалдық полиция қызметкерлері еркін жайылымнан мал ұрлаған қылмыстық топты ұстады. Тергеу барысында ұсталғандардың бірі шаруа қожалығының басшысы ретінде ауыл шаруашылығы жануарларын өсірумен айналысқаны анықталды.

Күдіктілер ұрланған малды далада орналасқан арнайы қора-жайға айдап апарған. Жылқыларды жүк көліктеріне тиеп, еліміздің оңтүстік өңірлеріне жөнелткен, ал ірі қара малды өз шаруашылықтарына қосқан. Қазіргі уақытта полиция топ мүшелерінің жалпы сомасы 11 миллион теңгеден асатын 49 бас малды ұрлауға қатысы бар екенін дәлелдеді.

Барлық күдіктілер қамауға алынды.

Заңнамаға сәйкес мал ұрлығы үшін 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза қарастырылған. Азаматтарға малдарын таңбалап, оларды қараусыз қалдырмау ұсынылады, – деді ІІМ-де.

йтында 14 қазанда Батыс Қазақстан облысының криминалдық полиция қызметкерлері еркін жайылымнан мал ұрлаған қылмыстық топты ұстады.

Тергеу барысында ұсталғандардың бірі шаруа қожалығының басшысы ретінде ауыл шаруашылығы жануарларын өсірумен айналысқаны анықталды. Күдіктілер ұрланған малды далада орналасқан арнайы қора-жайға айдап апарған. Жылқыларды жүк көліктеріне тиеп, еліміздің оңтүстік өңірлеріне жөнелткен, ал ірі қара малды өз шаруашылықтарына қосқан.

Қазіргі уақытта полиция топ мүшелерінің жалпы сомасы 11 миллион теңгеден асатын 49 бас малды ұрлауға қатысы бар екенін дәлелдеді. Барлық күдіктілер қамауға алынды. – Заңнамаға сәйкес мал ұрлығы үшін 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза қарастырылған. Азаматтарға малдарын таңбалап, оларды қараусыз қалдырмау ұсынылады, – деді ІІМ-де.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: