Қазақстан есімді адамдар қай өңірлерде тұратыны белгілі болды

Қазақстан, есімдер, статистика, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2025 18:39 Сурет: Telegram/stat_gov_kz_official
Ұлттық статистика бюросы бүгін, 2025 жылы 20 қазанда Қазақстанмен байланысты қызықты мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, елімізде Қазақстан есімді 28 азамат бар.

"Олардың көпшілігі Қарағанды облысында (7 адам), Ақмола облысында (6 адам) тұрады. Қостанай облысы мен Астанада – әрқайсысында 3 азаматтан, Алматы мен Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында – әрқайсысында 2 адамнан бар. Ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында бір-бір азаматтан тұрады", делінген дүйсенбідегі хабарламада.

28 адамның ішінде тек бір әйелдің есімі Қазақстан деп аталады.

Жас ерекшеліктері бойынша ең қарт Қазақстан 92 жаста, ең жасы - 25-те.

Бұған дейін Қазақстанға келетін шетелдік туристердің, әсіресе медициналық бағыттағы саяхатшылардың саны күрт өскені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: