Соңғы бес жылда Қазақстанға медициналық туристер ағымы бес есе көбейді
Фото: Zakon.kz
Қазақстанға келетін шетелдік туристердің, әсіресе медициналық бағыттағы саяхатшылардың саны күрт өсті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 13 қазан 2025 жылы өткен халықаралық конференцияда мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрдің айтуынша, соңғы бес жылда Қазақстанға келетін медициналық туристер ағыны бірнеше есеге артқан.
"Бұрын біз медициналық туризмнің әлеуеті туралы ғана айтатынбыз. Ал бүгінде бұл әлеует нақты нәтижеге айналды. 2021 жылдан бері елге келетін туристердің саны 5 еседен астам көбейді. Бұл Қазақстанның халықаралық медициналық туризм картасындағы орнын айқындады", – деді Ақмарал Әлназарова.
Статистика бойынша, Қытайдан келетін туристер саны 24 есеге, ал Үндістаннан – 40 есеге артқан. Сонымен қатар, Түркиядан келушілер легі үш есеге көбейген.
Министрдің айтуынша, бұл өсім Қазақстанның медициналық қызмет сапасын арттыру, емдеу мекемелерін халықаралық стандарттарға сай жабдықтау және туристерге қолайлы жағдай жасау шараларының нәтижесі болып отыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін алдағы жылдары елде 20-дан астам жаңа қонақүй салу жоспарланғаны хабарланған болатын. Бұл да туризм саласының инфрақұрылымын дамытуға оң әсерін тигізбек.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript