Міндетті медициналық сақтандыру қаржысын жеке мақсатқа пайдалануға рұқсат етілмейді – ДСМ

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2025 15:32 Фото: Zakon.kz
Қазақстанда азаматтарға медициналық сақтандыру қаражатын жеке мақсатта пайдалану мүмкіндігі берілмейді. Бұл туралы 2025 жылғы 7 қазанда Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, бұл мәселе өткен жылдан бері түрлі деңгейде көтеріліп келеді. Алайда Қазақстанда әлеуметтік сақтандыру элементтері бар медициналық сақтандыру жүйесі жұмыс істейді.

"Медициналық сақтандыру жүйесі бұл қаражатты қайтаруды немесе жеке, шартты жинақ шоттарына аударуды көздемейді", – деді Ақмарал Әлназарова.

Айта кетсек, осы күні "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" басқарма төрағасы Айдын Күлсеитов елдегі ауруханалардағы "припискалардың" саны 19 есе азайғанын хабарлаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: