Қазақстанда кімдер тегін медициналық қызметтерді жиі пайдаланады – Денсаулық сақтау министрі айтты
Фото: pixabay
7 қазан 2025 жылы өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бойынша медициналық қызметтерді кімдер жиі пайдаланатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, МӘМС жүйесінде бірлескен жауапкершілік қағидатын сақтау ерекше маңызды.
"2024 жылдың қорытындысы бойынша көмек алушылардың шамамен 50 пайызы – балалар мен егде жастағы азаматтар. Ал жүйеге түсетін қаражаттың 77 пайызы бюджеттен тыс көздерден, негізінен жұмыс істейтін азаматтар мен олардың жұмыс берушілерінің жарналары есебінен қалыптасады. Экономикалық белсенділерден әлеуметтік әлсіздерге қарай ресурстарды қайта бөлу – денсаулық сақтаудың сақтандыру моделіндегі негізгі қағида", – деді Ақмарал Әлназарова.
Министрдің сөзінше, МӘМС жүйесінің басты жетістіктерінің бірі – әлеуметтік әділдік пен медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ететін қағидаларды іске асыру мүмкіндігі.
"Бұл жүйеде "бай – кедей үшін, сау – науқас үшін төлейді" деген принциптер сақталып отыр. Бұл қоғамдағы теңдік пен өзара жауапкершіліктің нақты көрінісі", – деп атап өтті ол.
Айта кетейік, 26 тамыз 2025 жылы Алматы қаласындағы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы балаларға жасалатын ең қымбат операциялардың тізімін жариялаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript