Маңғыстау облысында полицейлер есірткі сақтаудың және таратудың ірі арнасын анықтады

Маңғыстау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен, ЖҚАЖ және қызметтік ит Кираның қатысуымен есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар тұлғаларды анықтау және ұстау бойынша ауқымды операция жүргізді., сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2025 13:12 Сурет: ҚР ІІМ
Маңғыстау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен, ЖҚАЖ және қызметтік ит Кираның қатысуымен есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар тұлғаларды анықтау және ұстау бойынша ауқымды операция жүргізді.

Жүргізілген іс-шаралар барысында Ақтау қаласында есірткі заттарын сақтап, таратумен айналысқан үш күдікті ұсталды.

Бірнеше мекенжай бойынша тінту барысында полицейлер ірі көлемдегі марихуананы тәркіледі, сондай-ақ электронды таразылар, орау материалдары мен пневматикалық қару алынды.

Қосымша тергеу амалдары кезінде ұсталғандардың бірінің тұрғылықты жеріндегі тұрғын үйдің жертөле бөлігінен төрт қорапқа салынған, салмағы 100 келіден астам марихуана жасырылған қойма табылды. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 196 келіні құрады.

Сот-химиялық сараптама қорытындысымен тәркіленген заттың марихуана екені анықталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сот шешімімен күдіктілер екі ай мерзімге тергеу изоляторына қамалды. Полицейлер өңір аумағында есірткі тасымалдау, сақтау және таратудың заңсыз арналарының жолын кесу бойынша белсенді жұмыстарды жалғастыруда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: