Қазақстанда жасанды интеллект үкімет мүшесі болмайды
Фото: pixabay
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мусалиев 2025 жылғы 21 қазанда өткен Үкімет брифингінде жасанды интеллекттің министр немесе вице-министр лауазымына тағайындалу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, қазіргі заңнама мұндай мүмкіндікті қарастырмайды.
"Қазақстан – әлемде алғаш рет жасанды интеллектке арналған министрлік құрған ел. Алайда министр немесе вице-министр қызметін ИИ атқара алмайды, себебі заң бойынша бұл лауазымдарға тек жеке тұлғалар тағайындалады", – деді Мусалиев.
Вице-министрдің сөзінше, мемлекеттік қызметші міндетін тек адам ғана атқара алады.
"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік қызметке тек жеке тұлғалар ғана қабылданады. Сондықтан әзірге жасанды интеллектке мұндай рөл беру жоспарда жоқ", – деп толықтырды ол.
Айта кетейік, бұған дейін Astana Open Dialogue жобасының негізін қалаушы Александр Данилов "Самұрық-Қазына" қорының тәуелсіз цифрлық директорын енгізу идеясын ұсынған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript