Өзбекстан импорт көлемін арттыруға мүдделі

Торговые отношения, торговля между странами, международная торговля, экспорт, товары, импорт, торговое сотрудничество, товарообмен, перевозка грузов, грузоперевозки, товарные контейнеры, контейнер, логистика, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2025 14:11 Фото: pexels
Өзбекстан импорт көлемін арттыруға мүдделі. Жыл басынан бері шеттен жеткізілген тауарлардың үлесі былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға өсті.

Әсіресе азық-түлік пен көліктерге сұраныс жоғары. Импортқа тәуелділік бұлай жалғаса берсе, отандық кәсіпорындардың тынысы тарылуы мүмкін.

Алайда өзге мемлекеттерден тауар кірмесе, экспортты дамыту мүмкін емес екені анық. Айта кетейік, Өзбекстандағы тауар айналымының 50%-дан астамы Қазақстан аумағы арқылы өтеді, деп жазады qazaqstan.tv.

18 бағыт бойынша жолаушылар тасымалы реттелген. Байланыстарды одан әрі тереңдету үшін екі ел үкіметінің арнайы жоспары бар.

"Өткен кезеңде импортты оңтайландыруға тырыстық. Уақыт өте келе шетелден тауар сатып алмасақ, экспортты дамыту мүмкін емес екеніне көзіміз жетті. Қазақстанмен алыс-беріс жыл сайын артып келеді. Көрші елдің тауарларына сұраныс біздің елде жоғары." Фарход Алимжанов, Өзбекстан Кеден комитеті стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: