Алматыда ұрлық қылмысы азайды

Алматыда ұрлық қылмысы азайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2025 11:33 Сурет: polisia.kz
Алматыда жыл басынан бері қалада бөтеннің мүлкін ұрлау деректері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,1 пайыз азайған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл криминалдық полиция қызметкерлері 20-дан астам адамнан құралған пәтер ұрыларының 6 тобын құрықтап, сонымен қатар 30-дан астам қалта ұрысының қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

Осыған орай, криминалдық полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда және көліктерде алдын алу шараларын жүргізіп жатыр.

Осы іс-шаралар аясында ұрлықтың алдын алу бойынша ұсыныстар жазылған парақшалар мен брошюралар ілінді.

"Азаматтарды жеке заттарына, әсіресе адам көп жиналатын жерлерде мұқият болуға шақырамыз. Бірлесе отырып, қаладағы қылмыс деңгейін төмендетіп, қауіпсіздікті қамтамасыз ете аламыз", - деді Алматы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: