Алматыда қылмыс азайды
Сурет: polisia.kz
Алматыда полиция департаменті жыл басынан бері қаладағы қылмыс 10,2% төмендегенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, ауыр және аса ауыр қылмыс, зорлау, тонау, бөтеннің мүлкін ұрлау, көлік ұрлау және интернет-алаяқтық азайды. Сонымен қатар кәмелетке толмағандар мен бұрын сотты болғандар жасайтын қылмыс саны азайғаны байқалады. Қалада қоғамдық орындарда жасалатын құқық бұзушылықтар да азайған.
"Жалпы алғанда, қаладағы қылмыстық ахуал тұрақты және бақылауда: қылмыстарды ашудың тиімділігі артты. Еліміздің ішкі істер министрлігінің және әкімдіктің қолдауымен біз, қала тұрғындары мен қонақтарының өздерін жайлы әрі қауіпсіз сезінуі үшін барлық шараны қолданып жатырмыз".Алматы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript