Белбасарда жаңа көкпар алаңы ашылды

Белбасарда көкпар алаңы ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2025 17:44 Сурет: Halyk қайырымдылық қоры
Республика күні қарсаңында Жамбыл облысы Шу ауданына қарасты Белбасар ауылында көкпар өткізуге арналған жаңа спорт алаңы пайдалануға берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоба ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және ұлттық спорт түрлерін қолдау мақсатында жүзеге асырылды. Нысанның құрылысына демеушілік көрсеткен — Halyk қайырымдылық қоры, ұйымдастыру жұмыстарын "Қызылша жер" компаниясы атқарды.

Сурет: Halyk қайырымдылық қоры

Жаңа алаң 300-ден астам көрерменге арналған. Мұнда спортшыларға арналған инфрақұрылым мен ойындарды жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік беретін жағдай жасалған. Ашылу салтанаты аясында аймақтық көкпар турнирі өтті.

Белбасардың көк шалғынында өңірдің сегіз командасы бақ сынады: Мерке құрамасы, "Аманат" (Белбасар), "Бірлес – Әулиеата", "Тәтті", Т.Рысқұлов, "Ақсу", "Балуан Шолақ" және "Шу" ұжымдары.

Сурет: Halyk қайырымдылық қоры

Тартысты ойын қорытындысында Мерке құрамасы бірінші орынды жеңіп, 3 миллион теңге көлеміндегі жүлдеге ие болды. "Аманат" командасы күміс жүлдені еншілеп, 2 миллион теңге алды. Ал "Бірлес – Әулиеата" командасы үшінші орынға тұрақтап, 1 миллион теңгемен марапатталды.

Белбасарда көкпар алаңы ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2025 17:44

Сурет: Halyk қайырымдылық қоры

Ашылу рәсіміне өңір басшылығы, белгілі көкпаршы, КСРО чемпионы Әбілхан Дәуілбаев, меценат Болат Сауранбаев, сондай-ақ Halyk қорының өкілдері қатысты.

Қонақтар жаңа нысанның ауыл жастарының дамуына және ұлттық спорттың өркендеуіне серпін беретінін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: