БҚО-да тағы да бір медициналық нысан іске қосылды

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданына қарасты Ащысай ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункті халық игілігіне пайдалануға берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында салынған жаңа нысанның ашылуына облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қатысты.

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
"Президенттің бастамасымен "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы шеңберінде 2023-2025 жылдары аралығында осындай 50 нысан салынып, ел игілігіне берілмек. Ауылдық елді-мекендерде тұратын азаматтардың өмір сүру сапасын арттырып, сапалы медициналық көмек көрсету - басты мақсатымыз. Ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтауда, алғашқы көмек көрсетуде фельдшерлік-акушерлік пункт маңызды рөл атқарады. Енді Ащысай ауылының тұрғындары да медициналық көмекті уақытылы және қолайлы жағдайда ала алады", - деді облыс әкімінің орынбасары.
Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Жаңадан бой көтерген медициналық нысан заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Айта кетейік, жыл соңына дейін өңірде 20-ға жуық денсаулық сақтау ғимараттары ашылмақ. Бұл ауылдардағы медициналық қызметтің сапасын арттырып, медициналық мекемелердің инфрақұрылымын жаңарту және сапалы медициналық көмек көрсетуге үлкен қолдау болмақ.

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript