Алматы орталығында жарық өшіп қалды

Алматы орталығында жарық өшіп қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2025 22:51 Сурет: unsplash
23 қазан күні Сәтбаев – Назарбаев – Байтұрсынұлы – Төле би көшелерінің қиылысындағы аумақта электр энергиясы уақытша ажыратылды, деп хабарлады Zakon.kz тілшісіне "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ баспасөз қызметі.

Оқиға орнына апатты жөндеу тобы барып, себептерін анықтау жұмыстары жүргізілді.

Кейін компания өкілдері жарық қайта қосылғанын мәлімдеді.


"Ақау себебі – 35 кВ-тық ажыратқыштың істен шығуы", - деп нақтылады мекеме.

Бұған дейін алматылықтар мен қала қонақтарының телефондарына жер сілкінісі туралы жаппай хабарлама келген еді. Ол 12:21-де жіберілген, алайда қалада ешқандай жер сілкінісі тіркелмеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: