Алматының бір бөлігі жарықсыз қалды

Лампочка, лампочки, свет, отключение света, электричество, электроэнергия, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2025 22:13 Фото: unsplash
Алматы қаласындағы ЖЭО-2 аумағында 110 кВ №124А және №101А жоғары кернеулі электр желілерінің апатты түрде өшірілуі тіркелді. Бұл туралы Zakon.kz-ке "Алатау Жарық Компаниясы" хабарлады.

Апат салдарынан ПС-162А "Алғабас", ПС-169А "Ақбұлақ" және ПС-123А "АТЭЦ-2" қосалқы станциялары уақытша электр қуатынан ажыратылды. Соның нәтижесінде Алатау ауданының бірқатар тұрғын аймақтарында жарық өшті.

Электр энергиясынан Ақбұлақ, Алғабас, Ақкент, Саялы, Теректі, Ғажайып, Көксай, Нұркент, Дарабоз, Зерделі тұрғын массивтері мен Райымбек даңғылы – Момышұлы – Мөңкеби көшелері шеңберіндегі аумақтар зардап шекті.

Компания өкілдерінің айтуынша, оқиға орнына жедел апаттық-қалпына келтіру бригадалары жіберілген. Қазір мамандар апаттың себептерін анықтап, жарықты кезең-кезеңімен қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бұған дейін Алматы қаласының Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы БАКАД пен әуежайды қосатын жаңа магистральдың құрылысы туралы кейбір мәліметтермен бөліскен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: