Екібастұз тұрғындары дауыл желдің салдарынан жарықсыз отыр

Екібастұз тұрғындары дауыл желдің салдарынан жарықсыз отыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2025 19:06 Сурет: unsplash
2025 жылғы 19 маусымда Екібастұз энергия торабы аумағында 500 кВ кернеулі электр беру желісі апатты түрде ажыратылды, деп хабарлайды Zakon.kz "KEGOC" АҚ-қа сілтеме жасап.

Оқиға сағат 16:44-те тіркелді.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұған қолайсыз ауа райы себеп болды. Қалада қатты дауыл жел соғып, жауын-шашын басталған.

"Апатқа қарсы автоматика іске қосылды. Шектеу қойылған қуат көлемі шамамен 800 мегаватты құрады", – деп нақтылады баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"KEGOC" АҚ мамандары электр желісін қайта қосу және энергожүйе режимін тұрақтандыру жұмыстарымен айналысып жатыр. Апат салдарын жоюға шамамен бір жарымнан екі сағатқа дейін уақыт керек.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: