Ең беделді сұлулық байқауында 51 жастағы қазақстандық әйел Ұлыбритания атынан шықпақ
Сурет: Зәуре Мұхамадиеваның жеке мұрағатынан алынды
Зәуре Мұхамадиева Лондондағы Miss Great Britain Kent and Sussex 2025 байқауы тәжінің иегері атанды. Бұл байқаудың басты ерекшелігі, оған әлемнің түкпір-түкпірінен 45 жастан асқан сұлулар қатысты. Енді қазақ әйелі қазір өмір сүріп жатқан елі – Ұлыбритания атынан Miss Beauty Universe-де өнер көрсететін болады.
"Мен Ұлыбританияда тұрамын, соныдқтан осы елдің атынан Перуде өтетін Miss Beauty Universe халықаралық сұлулық байқауында өнер көрсететін боламын. Қазір белсенді дайындық жүріп жатыр: демеушілер, команда, фотосессиялар, түрлі образдар, бәрі-бәрі жұмыс процесінде және мұндағы ауан да керемет. Иә, мен Ұлыбританияны танытамын, өйткені осында тұрып жатырмын, бірақ менің түпкі жан-дүнием қазақ, оны ерекше мақтан тұтатынымды әрдайым айтып отырамын. Өйткені, мұның өзі символдық сипатқа ие емес пе: Ұлыбританияны танытушы қазақ қызы мәдениеттерді біріктіріп, қазіргі әйелдің өзінің жеке бас ерекшелігін жоғалтпай әлем азаматы бола алатындығын көрсетеді". Зәуре Мұхамадиева
Қазақстандықтың айтуынша, мұндай байқаулар әйелдерді дамуға, өздерінің қалпын бұзбай ұстауға, жаңа достар, ортақ пікірдегі адамдарды табуға, тәжірибе алмасуға шабыттандырып, ынталандырады. Бұл - жай ғана байқау емес, күшті, сенімді және шабыт сыйлай алатын хас сұлулардың нағыз клубы.
"Мен мұндай жобаларды Қазақстанда тек жастар үшін ғана емес, ересек санаттағылар үшін де белсенді түрде дамыту қажет деп санаймын. Алда фотосессия өтетін болады, өйткені жақында ғана ұлттық кезеңнің жеңімпазы атандым, әлі де бойымды кеулеген керемет эмоциялардан арыла алмай жатырмын". Зәуре Мұхамадиева
Зәуре Мұхамадиеваның Лондондағы өмірі туралы Zakon.kz өткен жылы жазған болатын. Ол Шығыс Қазақстан өңірінің тумасы, ұзақ жылдар бойы Астанада мұнай-газ саласында жұмыс істеген. 13 жыл бұрын оған Ұлыбританияда жұмыс істеу ұсынылған. Онда ол консалтингтік компания ашып, отандастарына Лондонға қоныс аударуына, баспана табуына көмектесіп, бизнес-кеңестерімен, өзінің елден көшу тәжірибесімен бөлісіп отырады. Ол байырғы халық дәстүрлерін зерттеуге қызыға кіріскен.
Алдында ол Miss Great Britain Kent and Sussex тәжі үшін күрескен. Бұл - Ұлыбританиядағы ең көне және ең беделді сұлулық байқауларының бірі, биыл ол өзінің 80 жылдығын атап өтуде.
Бұған дейін Түркияда Інжіл кітабында айтылатын көне қала артефактілері табылғанын жазғанбыз.