Тоқаев Аустрия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді Аустрия Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент Астана мен Вена арасындағы саяси диалогтың, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар екіжақты серіктестікті нығайту жолында күш-жігер жұмылдыру арқылы ықпалдастық жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді.
Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Патшайым-ана Сирикиттің қайтыс болуына байланысты Таиланд королі Маха Вачиралонгкорн мен барша ел халқына көңіл айтқан еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript