Күніне 200 мың теңгеге дейін табыс тапқан қазақстандықтардың буда-буда ақшасы мен қымбат көліктері тәркіленді

Деньги, тенге, калькулятор, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2025 13:03 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бір топ қазақстандық азамат заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін түрмеге тоғытылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі 2025 жылғы 28 қазанда Ақтөбе қаласында мобильдік «bingo37.pro» қосымшасы арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, қылмыстық кірістерді заңдастырған ұйымдасқан топтың ұйымдастырушылары мен қатысушыларына қарсы сот үкімі шығарылғанын мәлімдеді.

"Қатысушылардан түсетін ақша аударымдарын операторлар қабылдап, оларды платформада тіркеп, әрбіріне «логин», «пароль» және ойындарға кіруге сілтеме берілген. Заңсыз онлайн казиноның күн сайын 150 000 нан 200 000 ға дейін түсіп отырған. Қылмыстық кірістерді жылыстату мақсатында алаяқтар «дропперлерді» тартқан, яғни банктік карталары арқылы ақшаны қолма қол айналымға өткізген",- деп мәлімдеді ведомство.

Белгілі болғандай, ұйымдастырушыларының бірі 2020 жылы дәл осындай қылмыс бойынша қолға түсіп, жазаланған болатын, бірақ соған қарамастан заңсыз қызметін тоқтатпаған.

Сот үкімімен тоғыз кінәлі адамға 2 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, қылмыстық кірістерге алынған үш автокөлік тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: