Тоқаев Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2025 13:48 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 29 қазанда Ақорда таратқан мәлімдемеден белгілі болды.

"Мемлекеттер басшылары қазақ-беларусь қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады. Сондай-ақ саяси диалог жоғары деңгейде және сауда-экономикалық, гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтті".

Тараптар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан Президенті Минскіде өтіп жатқан Еуразиялық қауіпсіздік жөніндегі конференцияның маңызына тоқталды.

Мемлекеттер басшылары алдағы бірлескен іс-шаралар аясындағы тығыз ықпалдастықты жалғастыруға уағдаласты.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: