Қасым-Жомарт Тоқаев Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2025 09:01 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды және бауырлас түрік халқын Түркияның ұлттық мейрамы – Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда мәліметіне сүйенсек, президент биыл Түркияға жасаған ресми сапары аясында Режеп Тайип Ердоғанмен мазмұнды келіссөздер жүргізгенін атап өтіп, Анкарада қол жеткізілген уағдаластықтар мен маңызды бастамалар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға зор серпін беретініне сенім білдірді.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның жауапты қызметіне толағай табыс, ал бауырлас Түркия халқына құт-береке тіледі". Ақорда

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стуббтың "Қазақстан – Финляндия" бизнес форумына қатысқанын жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: