Сот қазақстандық жүк тасымалдаушылардың пайдасына шешім шығарды: заңсыз әрекеттер тоқтатылды
Фото: freepik
Сот көлік прокуратурасының қазақстандық жүк тасымалдаушыларды қорғаудағы ұстанымын қолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 30 қыркүйекте Бас көлік прокуратурасы мәлімдеді.
"Шымкент көлік прокуратурасы 9 мыңнан астам отандық жүк тасымалдаушылардың құқықтарын қорғап, тасымалдаушыларға берілетін рұқсат бланкілерінде көлік құралдарының мемлекеттік нөмірлерін қайталап енгізу жөніндегі заңсыз тәжірибені тоқтатуға қол жеткізді",- делінген ақпаратта.
Белгілі болғандай, мұндай әрекеттер халықаралық келісімдерге қайшы келіп, кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке негізсіз тарту қаупін тудырған.
Бұған дейін күніне 200 мың теңгеге дейін табыс тапқан қазақстандықтардың буда-буда ақшасы мен қымбат көліктері тәркіленгенін жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript