Қазақстандықтарға арналған қайтарымсыз 10 млн теңгеге дейінгі гранттар: ресми түсініктеме

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2025 14:22 Фото: Zakon.kz
Қазақстандықтарға ақылы курстардан өтіп, кейіннен ірі көлемдегі қаржылық гранттар алу мүмкіндігі ұсынылуда. Бұл жөнінде Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 30 қазанда ведомство таратқан мәлімет:

"Әлеуметтік желілерде 10 млн теңгеге дейін гранттар берілетіні туралы ресми дереккөздермен расталмаған хабарламалар таралуда. Онда сыртқы сілтемелерге өтіп, аккредиттелмеген ұйымдарда ақылы оқудан өту талап етіледі.Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы бұл ұсыныстардың Елорда әкімдігіне ешқандай қатысы жоқ және кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларымен байланысты емес екенін ресми түрде мәлімдейді".

Басқарма мемлекеттік бағдарламалар ақысыз негізде жүзеге асырылатынын ескертті. Оқу үшін немесе өтінім беруге рұқсат алу үшін міндетті төлемдер алынбайды.

Кәсіпкерлерді қолдау туралы өзекті ақпарат тек мемлекеттік органдардың ресми ресурстарында жарияланады.

"Сақ болыңыз және күмәнді сілтемелерге өтпеңіз. Жеке деректеріңізді үшінші тұлғаларға бермеңіз. Ақпаратты ресми дереккөздер арқылы тексеріңіз",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін қазақстандықтардың қай санаты мемлекеттен 1,5 млн теңге көлімінде қайтарымсыз төлем ала алатындығын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: