Қазақстандағы жолдардан 2 мыңнан астам ақау анықталды

Дорожное строительство, строительство трассы, укладка асфальта, строительство дороги, ремонт дороги, ремонт трассы, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2025 16:57 Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 30 қазанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев елдегі жол сапасын бақылау жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz

Оның айтуынша, жолдардың құрылысы, жөндеу және күтімінің барлық кезеңінде сапа бақылауы жүргізіледі.

"Жыл басынан бері 2 777 ақау анықталды, олардың шамамен 1 400-і жойылды, қалғандары жоспарлы түрде түзетіліп жатыр. Тексеру нәтижесінде жұмыс сапасына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін техникалық қадағалау қызметтеріне 200 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды, ал 36 маман тәртіптік жауапкершілікке тартылып, лауазымынан босатылды", – деді Дархан Иманашев.

Сонымен қатар, сот шешімімен 10 мердігер ұйым адал емес мердігерлер тізіміне енгізілді.

Бұған дейін ел қазынасына ақылы жол учаскелерінен 62 млрд теңге пайда түскенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: