Республикалық кадрлық резервке мыңнан астам педагог кірді

Школьный учитель, учитель, педагог, школьный преподаватель, школа, школьники, ученики, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2025 13:54 Фото: Министерство просвещения РК
2025 жылғы 26 желтоқсанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев педагогтарды даярлау жүйесін жетілдіру жөнінде баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 2023 жылдан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен "Білім саласындағы 1000 өзгеріс көшбасшысы" жобасы жүзеге асырылып келе жатқанын еске салды.

Бұл жоба Президенттік жастар кадрлық резервінің моделіне негізделіп, білім беру жүйесін жаңарта алатын және басқару тиімділігін арттыра алатын жаңа буын көшбасшыларын даярлауға бағытталған.

"Жоба халықаралық тәжірибе ескеріле отырып әзірленді. Сайыс арқылы іріктелген педагогтар мен мектеп директорларының орынбасарлары үш деңгейлі бағдарлама бойынша оқытылды. Оқытуын сәтті аяқтап, кадрлық резервке енген қатысушыларға конкурссыз жетекші лауазымдарға тағайындалу құқығы берілді. Соңғы үш жылда кадрлық резервке 986 маман енді", – деді Жұмашев.

Оның айтуынша, 2023-2024 жылдары резервист мәртебесін 583 педагог алды, олардың 419-ы (71%) қазіргі уақытта жетекші лауазымдарға тағайындалған. Солардың ішінде 41 директор "Келешек мектептері" жобасының мектептерін басқарады. Нәтижесінде елдегі мектеп директорларының тапшылығы үш есеге азайды.

2025 жылы республикалық кадрлық резервке тағы 403 педагог қабылданды.

Сондай-ақ, тамыз айында Білім министрлігі педагогтарды кадрлық резервке іріктеудің концептуалды тәсілдерін бекіткен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: