Тоқаев "Қызылорда-нан" цехына барды
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қызылорда-нан" цехына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың хабарлауынша, "Қызылорда-нан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің нан-тоқаш, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіретін кешені биыл қазан айында іске қосылды.
Жобаның жалпы құны – 5,6 миллиард теңге. Өндіріс толығымен автоматтандырылған.
Өнімдердің 30 пайызға жуығы кәсіпорынның жеке сауда желілері арқылы сатылады, ал 70 пайызы қала аумағындағы және маңындағы дүкендерге жеткізіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript