Орал қаласында төтенше жағдайлар қызметіне жаңа техникалардың кілттері табысталды

Орал қаласында төтенше жағдайлар қызметіне жаңа техникалардың кілттері табысталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2025 19:40 Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментіне қызметтік жаңа техникалардың кілттерін табыстау рәсімі өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов және Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысты.

Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Рәсім барысында министр мен облыс әкімі құтқарушыларға жаңа арнайы автокөліктердің кілттерін салтанатты түрде табыстады. Бұл – өңірдің төтенше жағдайлар қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайту бағытындағы маңызды қадам.

Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жалпы сомасы 2 миллиард теңгеден астам қаржыға 30 бірлік жаңа техника сатып алынды. Оның ішінде: 19 өрт сөндіру автоцистернасы, 8 жүріс қабілеті жоғары жедел-жеңіл автокөлік, 1 құтқару қайығы және республикалық бюджет есебінен алынған 2 сорғы-жеңді автомобиль бар.

Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өз сөзінде облыс әкімі Нариман Төреғалиев бұл шараның өңір қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті:

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: "Мамандыққа адалдық таныту, ерлікке және кез келген сынаққа дайын болу — төтенше жағдай қызметі мамандарына қойылатын басты талап» деген болатын. Президентіміз азаматтық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту мен қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруға ерекше көңіл бөліп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар біздің облыста да жүйелі түрде жүзеге асуда", - деді аймақ басшысы.

Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңа техникалар өңірдегі құтқару бөлімшелерінің мүмкіндіктерін арттырып, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде маңызды рөл атқарады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: