Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі жаңа функцияларға ие болды
Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Қазақстан Үкіметінің 2025 жылғы 24 қазандағы қаулысымен Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатқа сәйкес, министрліктің құзыретіне бірқатар жаңа функциялар қосылды. Атап айтқанда, ведомство:
- еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу арқылы ұйымдар үшін еңбектің үлгілік нормалары мен нормативтерін бекітеді;
- қауіпті өндірістік нысандарды жаңарту және техникалық қайта жарақтандырудың жиынтық жоспарын әзірлеу мен келісу ережелерін дайындап, бекітеді.
Сонымен қатар министрлікке:
- уәкілетті орган айқындаған мұнай өнімдерін өндіру саласындағы бірыңғай оператордан мұнай өнімдерін сатып алу құқығы берілді.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа редакцияда министрлік келесі функцияларды орындайды:
- өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында басшыларды, мамандарды және қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың білімін тексеру (емтихан алу) ережелерін әзірлейді және бекітеді;
- қауіпті өндірістік нысандардағы ғимараттар мен құрылыстарды уақтылы тексеру, диагностикалау және техникалық куәландыру барысына мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізеді.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript