Ақмола облысында көпқабатты үйден түтін шыққан соң 40 адам эвакуацияланды

Ақмола облысында көпқабатты үйден түтін шыққан соң 40 адам эвакуацияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2025 10:58 Сурет: pixabay
2025 жылғы 2 қарашада Қосшы қаласында төтенше жағдайлар қызметінің мамандары көпқабатты үйден 40 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, "112" желісіне Қосшы қаласындағы Жангелдин көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің бірінен түтін шыққаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына келген ТЖД бөлімшелері екінші қабаттағы пәтердің электр қалқаншасында қысқа тұйықталу болғанын, бірақ өрт тұтанбағанын анықтаған.

"Қауіпсіздік мақсатында құтқарушылар баспалдақ арқылы 40 адамды эвакуациялады", - деп мәлім етті министрлік.

Зардап шеккендер жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: