БҚО тұрғынынан полицейлер ірі көлемде есірткі затын тәркіледі
Сурет: polisia.kz
Орал қаласының 39 жастағы тұрғынының үйіне жүргізілген тінту барысында шатырдан өсімдік тектес зат салынған үш жәшік пен екі полиэтилен қап, сондай-ақ қарасораға ұқсас 39 түп өсімдік тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған өсімдіктер құрамында есірткі бар қарасора тұқымдасына жатады, олардың жалпы салмағы – 9 келіден астам. Бұдан бөлек, өсімдік тектес заттың кептірілген марихуана екені анықталды, оның жалпы салмағы – 3 келіге жуық.
Осылайша, тәркіленген заттардың жалпы салмағы 12 келіден астам.
Күдікті өз кінәсін мойындады. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін БҚО-да тыйым салынған өсімдіктерді өсіретін жасырын зертхана анықталғанын хабарлағанбыз.