Жаңбыр, қар және көктайғақ: 3 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Жаңбыр, қар және көктайғақ: 3 қарашаға арналған ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2025 15:59 Сурет: unsplash
"Қазгидромет" 2025 жылдың 3 қарашасына арналған Қазақстан аумағындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, дүйсенбі күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік өңірлерде жауын-шашын мол түсіп, негізінен қар жауады.

Тек республиканың батысы мен оңтүстік-шығысында ғана күн жауын-шашынсыз.

Ел бойынша желдің күшейіп, тұман және солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс пен орталық аймақтарда көктайғақ болады.

Батыс пен шығыс өңірлерде, Жамбыл облысының орталығы мен батысында, Алматы облысының батысында, сондай-ақ Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында өрт қаупі жоғары болады.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының оңтүстігі, батысы мен шөлді аймақтарында, Жамбыл мен Алматы облыстарының солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: