Қар мен көктайғақ: синоптиктер дүйсенбіде ауа райы қолайсыз болатынын ескертті
Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" 2025 жылғы 8 желтоқсанға арналған Қазақстан аумағындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжам бойынша, дүйсенбі күні республиканың басым бөлігінде қолайсыз ауа райы сақталады.
"Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, негізінен қар түріндегі жауын-шашын түсіп, көктайғақ күтіледі", - деп мәлімдеді "Қазгидромет".
Ел бойынша жел күшейіп, тұман түседі, ал солтүстікте, орталықта, сондай-ақ оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында боран соғады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript