Қалың қар мен боран: 12 қаңтарда Қазақстанда ауа райы өзгереді

Қалың қар мен боран: 12 қаңтарда Қазақстанда ауа райы өзгереді, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2026 16:00 Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" 2026 жылғы 12 қаңтарға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжам бойынша, дүйсенбі күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашын түседі.

"Батыс циклондары және оған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран мен көктайғақ әкеледі", - делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Түркістан облысында түнде жауын-шашын мол түседі (жаңбыр, қар), ал күндіз елдің шығысында қалың қар жауады деп болжанып отыр.

Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: