8 қаңтарда Қазақстанның қай өңірлерінде жауын-шашын түсіп, боран соғады

8 қаңтарда Қазақстанның қай өңірлерінде жауын-шашын түсіп, боран соғады, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.01.2026 15:58 Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК 2026 жылғы 8 қаңтарға арналған Қазақстан аумағындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" болжамынша, бейсенбі күні ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашын жаумайды.

"Республиканың көп бөлігі антициклонның ықпалында болады, соған байланысты негізінен жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Ал елдің солтүстік-батысы мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар жауып, боран соғады деп болжанып отыр.

Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Батыс, солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде көктайғақ болуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: