20 желтоқсанда Қазақстанның барлық өңірінде қар жауып, боран соғады

20 желтоқсанда Қазақстанның барлық өңірінде қар жауып, боран соғады, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2025 17:31 Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылғы 20 желтоқсан, сенбі күні ел аумағындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, солтүстік-батыстан келген циклон және оған байланысты атмосфералық фронттық жүйелер Қазақстанның бүкіл аумағында өз ықпалын сақтайды.

"Қар жауып, боран соғады. Елдің солтүстігінде қалың қар жауады. Ал батыс пен оңтүстік-шығыс өңірлерде күндіз жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде түседі", - делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күшейеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: