Боран, жел: 21 ақпанда Қазақстанда ауа райы қандай болады
Сурет: freepik
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 21 ақпан, сенбі күні Қазақстан аумағындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, ел аумағының басым бөлігінде солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалы сақталады.
"Жаңбыр мен қар, боран, көктайғақ күтіледі. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, Жетісу облысындағы Алакөл көлдері маңында, Түркістан облысының тау асуларында түнде және таңертең, сондай-ақ Жамбыл облысының оңтүстік-батысы мен таулы аудандарында секундына 30 метр және одан да жоғары жылдамдықпен өте күшті жел соғады деп болжанып отыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript