Қазақстанда 18 ақпанда ауа райы қандай болады
Сурет: pexels
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 2026 жылғы 18 ақпанға арналған ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" мәліметінше, елдің басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының және оған қатысты атмосфералық фронттардың әсері басым болады.
"Кей жерлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын түсіп, боран және көктайғақ болуы мүмкін", — деп хабарлады "Қазгидромет" баспасөз қызметі.
Ал оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде, антициклонның әсері сақталғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Сонымен қатар, республиканың барлық аумағында тұман түсіп, желдің екпіні күшеюі мүмкін.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript