Қазақстанда 18-20 ақпанда қандай ауа райы болатыны белгілі болды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 2025 жылғы 18-20 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың айтуынша, бұл күндері ел тұрғындарын тұрақсыз ауа райы күтіп тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарияланған болжамға сәйкес, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасынмен бірге қар жауады, республиканың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.
Сондай-ақ, республика бойынша көктайғақ, жел күшейіп, тұман күтіледі.
"Температуралық фон тұрақты болады. Ешқандай күрт өзгерістер болжанбайды." "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі
Метеорологтар ақпан айы ауа температурасының күрт өзгеруімен сипатталатын жылдың ең құбылмалы айларының бірі екенін еске салды
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript